KZ
KZ RU
30 сәуір 2013 17:53

«Ақжайық» пен «Жетісудың» ұпайлары шегерілді

30 сәуір 2013 17:53
  1. Ойыншылары мен команданың бапкерлер құрамының алдындағы берешектерін өтемей, Дауларды шешу палатасының шешімдерін орындамағаны үшін "Ақжайық" футбол клубының алты ұпайы шегерілді.
Енді "Ақжайық" футбол клубы футболшылар М. Азовский, Я. Валканов, А. Данаевым, И. Зенькович, Е. Коструб, Б. Семлер, М. Стойчев, Я. Хлебоун, А. Цирин, П. Черни және бапкерлер С. Ширмялис, Й. Шкрликтің алдындағы берешектерінен 2013 жылдың 1 маусымына дейін өтеуі тиіс.
  1. Дауларды шешу палатасының Д. Беличті қайта қызметке алу туралы шешімін орындамағаны үшін және Д. Мұқанов пен Ә. Бидановтың алдындағы қарыздарын өтемей, ДШП шешімін бірнеше рет орындамағаны үшін "Жетісу" футбол клубының үш ұпайы шегерілді.
Енді "Жетісу" Д. Беличке байланысты шешімді 2013 жылдың 3 мамырына дейін орындауы тиіс.
Ал Д. Мұқанов пен Ә. Бидановтың алдындағы берешегін 2013 жылдың 15 мамырына дейін өтеуі тиіс.
  1. "Қайсарға" байланысты. Дауларды шешу палатасының 2013 жылдың 29 наурызындағы "Қайсардан" алты ұпай шегеру" туралы шешімі күшін жойды.
Сөйтіп, Р. Абдулин, Ә. Анарметов, А. Малков, Б. Мамич, М. Маркович, Д. Пархачев, К. Прядкин, С. Сағындықов, Р. Эсатов, Г. Црногорац, Ф. Эдейпо, сондай-ақ, бапкерлер С. Когай мен В. Никитенконың алдындағы берешегін 2013 жылдың 1 маусымына дейін өтеуі тиіс.
 
 
Газинур Әлімов, Дауларды шешу палатасының төрағасы:

— "Жетісу" мен "Ақжайық" футболшыларына, бапкерлері мен қызметкерлеріне берешектерін өтемей, Дауларды шешу палатасының шешімін бірнеше ай бойы орындамай келді. Екі командаға екі түрлі шешім қабылдауымыздың да өз себептері бар. Бұл қарыздарының көлеміне байланысты.  Бұл екі командаға қарағанда "Қайсар" қарыздарын қайтаруға барынша тырысып, әртүрлі амалдар қарастыруда. Нақты айтсақ, қарыздарын қайтару уақытын созу жайлы келіссөздер жүргізуде. Одан бөлек, облыс әкімі де бұл жайында кепіл берді. Дауларды шешу палатасы осының барлығын ескеріп, "алты ұпайын шегеру" жайлы шешімінің күшін жойды.