KZ
KZ RU
25 ақпан 2014 11:25

Абзал Бейсебеков Польшаның «Корона» командасында

25 ақпан 2014 11:25

Республикалық «Sports.kz» порталына мәлім болғандай Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченкодан кейін  Польшаның "Корона" футбол клубы тағы бір Абзал Бейсебековқа да "құда түсіпті". Жас әмбебап ойыншы бұл күндері кельцелік клубта бапкерлер сынағынан өтіп жүр.

 
Айта кетейік, жас қазақстандық Абзал Бейсебеков өткен маусымда "Астана" сапында 29 ойын өткізіп, 3 нәтижелі пастың авторы атанған. Бұдан бөлек, Қазақстан жастар құрамасында да өнер көрсеткен.
 
Автор: Александр Шатов