KZ
KZ RU
06 маусым 2022 16:02

Адама Диалло - Бірінші лиганың мамыр айындағы үздік ойыншысы!

06 маусым 2022 16:02

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша Біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау мақсатында Бірінші лига командаларының бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айда Бірінші лиганың үздік футболшысы болып «Қайсар» шабуылшысы Адама Диалло атанды. Бапкерлер мен капитандардың дауыстарын қосу нәтижесінде африкандық ойыншы 20 ұпай жинады.

Екінші орынды иеленген «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Руслан Сақалбаев 18 ұпай жинады. 17 ұпаймен үздік үштікке «Оқжетпес» командасының шабуылшысы Руслан Болов кірді.

Кім кімге дауыс берді: