01 наурыз 2019 07:00
Ғафуржан Сүйімбаев: «Жылдам әрі арынды ойнай бастадық»
01 наурыз 2019 07:00
Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев «Астанамен» өтетеін Суперкубок ойыны қарсаңында Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына сұхбат берді:
- «Қайраттың» жаңа маусымға дайындығы қалай өтті?
- Үлкен жұмыс жүріп жатыр. Үш рет оқу-жаттығу жиыны болды. Түркияда өткен жиындарда алты рет жолдастық матч өткіздік. Әр кездесуде өзара байланысты нығайтып, батыл ойнауға тырыстық. Барлық ойын оң нәтижемен аяқталды. Дайындық барысына көңілім толады.
- Жаңа жаттықтырушылар штабымен жаттыққан қалай екен?
- Өте керемет. Жаттықтырушылар штабы кәсіби мамандардан тұрады. Олардың нені талап ететінін бәрі жақсы түсінеді. Доппен қалай әрекет ету керек екенін, допсыз қалай жұмыс істеу маңызды екеніне көп көңіл бөлдік.
- Қысқы оқу-жаттығу жиыны кезеңінде команданың ойыны өзгерді ме?
- Иә, жылдам әрі арынды ойнай бастадық.
- «Астананың» маусымаралық үзілістегі дайындығын бақыладыңыз ба?
- Қарсыластың дайындығын қарамадым. Тек өз жаттығуымызға назар аудардық.
- Бір жыл бұрын «Астана» футболшылары «Қайратты» 3:0 есебімен ұтып, Суперкубокты жеңіп алды. Сол ойын қайталанбау үшін қандай қателіктерден құтылуымыз қажет?
- Бір жыл бұрын басқа ойын болды. Алдағы ойында алғашқы минуттан бастап кездесудің соңына дейін жинақылық таныту қажет. Жаттықтырушылар штабы «Астанамен» қалай ойнау керек екенін біледі. Бұл жолы мүлдем басқа Суперкубок болды.
Басқа жаңалықтар