KZ
KZ RU
05 қараша 2013 15:33

Ахметжан Есімов пен Михаил Гурман "Қайратты" марапаттады

05 қараша 2013 15:33
"Қайрат" қайта жаңғырды! "Қайраттың" ел біріншілігінде жүлде алмағанына 8 жыл болыпты. Алайда бүгінде "Қайрат" қайта жаңғырып жатыр. Инфрақұрылымдарын ретке келтіріп, балалар футболына да керемет көңіл бөліп жатыр. Жанкүйерлердің алдында қайта беделге ие бола бастады.
 
Нәтижесінде бүгін "Қайраттың" ойынын көру үшін Алматының Орталық стадионына 10-15 000 көрермен жиналатындай жағдайға жетті. КФЛ ұжымының атынан "Қайратқа" ақ тілегін арнаған Михаил Гурман команданың келесі жылы Еуропа лигасында ел намысын абыроймен қорғауына тілектес екенін жеткізді.