KZ
KZ RU
19 мамыр 2017 02:22

Алаң сапасын тексеру комиссиясы Қарағанды облысына сапар шекті

19 мамыр 2017 02:22

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының алаң сапасын тексеру комиссиясы "Шахтер" және "Металлург" стадиондарынының төсеніштеріне баға берді.

Сапар барысында комиссия мүшелері Қарағанды қаласындағы "Шахтер" стадион алаңының негізгі көрсеткіштерін өлшеді, натуралды төсенішке кәсіби баға берді.

Арнайы жабдықтарды қолдану арқылы алынған алаң сапасының нәтиже көрсеткіштері комиссияны қанағаттандырмады. Негізгі параметрлердің бірі - алаң тегістігі, бірақ ол стандартқа сай келмеді. Бұл фактор ойыншылардың алаңда жарақат алуына негізгі себеп болуы мүмкін. Алаңның негізі саз болғандықтан, бұл алаң төсенішінің дренаж жүйесінің нашар жұмыс жасауына да себеп болуда. Сонымен қатар алаңда тақыр жерлер де көп, алаңның негізгі бөліктерінде газон аз немесе мүлдем жоқ.

Табылған кемшіліктер негізінде, алаңдар сапасын тексеру комиссиясы жоғарыда аталған проблемаларды жоймайынша ҚКФЛ аясында болатын барлық ойындарды Қарағанды қаласындағы "Шахтер" стадионында өткізуге тиым салды.

Сапардағы аймақтағы екінші объектісі - Теміртау қаласындағы "Металлург" стадионы. Зерттеу қорытындысына сүйенсек, жасанды төсеніші бар алаңдарды пайдалану стандарттары шамалы ғана бұзылғандығы анықталды.  Алайда 2013 жылы төселген төсеніш сапасы қазір бұзылмаған, егер де бұл алаңның пайдалану шарттары сақталса, кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды әрі қарай өткізуге мүмкіндігі бар.

Қорытындылай келе, Қарағанды облысының "Шахтер", "Шахтер-Болат" және "Шахтер Ж" командалары Чемпионат, Қазақстан Кубогы және Біріншіліктегі өз алаңындағы ойындарын Теміртау қаласындағы "Металлург" стадионында өткізе алады.