04 қазан 2024 09:43
«ALAÑ» жобасы айтулы жүлдені жеңіп алды
04 қазан 2024 09:43
Астана қаласында спорт маркетингі саласындағы жыл сайынғы «Altyn Adam Sport Marketing 2024» премиясын табыстау шарасы өтті. Нәтижесінде Қазақстан футбол федерациясының «ALAÑ» жобасы «Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау саласындағы жобаның үздік маркетингі» номинациясында топ жарды. Сондай-ақ, ҚФФ пен 1ХВЕТ компаниясы бірлесе отырып, «Үздік букмекерлік белсенділік» номинациясында екінші орынға ие болды.
«Altyn Adam Sport Marketing» премиясы алғаш рет Қазақстанда өткізіліп жатыр. Басты мақсат – спорт маркетологы, PR-менеджер, демеушілік бойынша мамандар, лига клубтарының менеджерлері мен басшылары, отандық спорттағы әлемдік шараларды ұйымдастырушы азаматтардың еңбегін бағалау. Жалпы 17 номинация бойынша жеңімпаздарды спорт функционерлері, спорт маркетингі саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, журналистер ақылдаса отырып анықтады.

Басқа жаңалықтар