KZ
KZ RU
29 желтоқсан 2020 14:50

Александр Мокин – 2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік қақпашысы

29 желтоқсан 2020 14:50

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымды қорытындылауды жалғастыруда.

Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша Премьер-лиганың үздік ойыншылары анықталды.

Респонденттердің назарына бес қақпашыдан тұратын тізім ұсынылды. Әр респондент үш үміткерді атайды. Бірінші орын - үш ұпай, екінші орын - екі ұпай, үшінші орын - бір ұпай. Барлық ұпайды санау арқылы сауалнама қорытындыланады.

«2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік қақпашысы» номинациясында қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Александр Мокин топ жарды.

 
Үздіктер тізімі келесідей:
1. Александр Мокин («Тобыл») – 59 ұпай;
2. Стас Покатилов («Қайрат») – 53 ұпай;
3. Ненад Эрич (Астана) – 36 ұпай;
4. Марко Милошевич («Каспий») – 30 ұпай;
5. Мирослав Лобанцев («Қызыл-Жар»)– 20 ұпай.
 
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының клубтарының жетекшілері:
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының клубтарының бас бапкерлері:
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының клубтарының капитандары: