Александр Москаленкоға Леонид Остроушко атындағы сыйлық табысталды
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылғы маусымның үздік бапкеріне берілетін сыйлыққа атақты қазақстандық маман Леонид Константинович Остроушконың есімін берді.
Остроушко қазақстандық футболда ұлы тұлға болып табылады. Жаттықтырушы ретінде Леонид Константинович көптеген қазақстандық командаларда қызмет етті – олар «Қайрат», «Цементник», «Алатау», «Целинник» және «Шахтер».
Леонид Константинович Остроушко КСРО спорт шебері және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы болып табылады. Оның бастауымен «Цементник» КСРО чемпионатының қазақстандық аймағында «Б» классында 1 және 2 орынға ие болды, «Қайратпен» бірге КСРО Чемпионатының 1 лигасын жеңіп алды, сондай-ақ жоғары лигада 7 орынға қол жеткізді – аталмыш жетістік қазақстандық командалар үшін ең үздік нәтиже болып табылады. Остроушко Қазақстаннан тыс жерлерде де үлкен нәтижелерге қол жеткізді, атап айтатын болсақ ол «Дустликпен» Өзбекстан чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алды, сондай-ақ Беларусь чемпионатында минскілік «Динамомен» үздік команда атанды. Оның бапкерлік жетістіктері қазақ футболының тарихына алтын әріппен жазылған!
Өткен маусымның қорытындысы бойынша отандық чемпионаттың қатысушы клубтардың басшылары мен бапкерлері арасында сауалнама өткізілді. Оның қорытындысы бойынша «Тобыл» командасының бас бапкері Александр Москаленко аяқталған маусымның үздігі болып таңдалды.
Москаленкоға жүлдені ҚКФЛ президенті Олжас Абраев табыстады.