Александр Москаленко — Леонид Остроушко атындағы жүлденің иегері!
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы маусымды қорытындылауды жалғастыруда. 2021 жылғы маусымның үздік бапкерін анықтау мақсатында лигамен OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатында ойнаған клуб басшылары, бас баркерлері және команда капитандары арасында сауалнама ұйымдастырды.
Ағымдағы маусымнан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы отандық футболдың ардагері Леонид Остроушко атындағы сыйлықты маусымның қорытындысы бойынша үздік бапкерге беруге ұсынды.
Бұл сыйлықтың алғашқы лауреаты болып «Тобыл» командасының бас бапкері Александр Москаленко атанды.
Александр Васильевич маусымды қостанайлық команданың бас бапкерінің көмекшісі ретінде бастады, ал еурокубоктық ойындардан бастап бас бапкердің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. Алайда Москаленко чемпионаттың алтын жүлдесін қостанайлық команданың бас бапкері рөлінде жеңді. Сонымен қатар қазақстандық маман «Тобылмен» OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогын жеңіп, OLIMPBET-Қазақстан Кубогының жартылай финалына шықты. Бұдан бөлек Александр Васильевичтің басқаруымен «Тобыл» УЕФА Конференциялар лигасы аясында Хорватияның ең мықты клубтарының бірі «Хайдуктан» басым түсті.
Сауалнамада екінші орынды тағы бір қазақстандық жас маман Андрей Карпович иеленді. Андрей Владимирович «Қызыл-Жар СК» бас бапкерінің қызметінде өзінің үздік қасиеттерін көрсете алды, бұл маманның көгімен петропавлдық команда чемпионатты 4-орында аяқтады. Қазақстан Кубогында аталмыш команда ¼ финалға дейін жетіп, бұл кезеңде «Тобылға» есе жіберді.
Үздің үштікті Срджан Благоевич тұйықтады. Сербиялық маман екінші маусым қатарынан «Каспий» ФК сапында қызмет етіп келеді. Ол ақтаулық командаға көрікті ойын өрнегін қойды. Ұзақ үзілістен кейін қазақ футболының элитасына қайта оралған ақтаулықтар ешкім күтпейтін жерде құрамдары басым командардан ұпай алып, беделді қарсыластардың бәрін састырды. Бұдан бөлек «Каспий» «Қайрат», «Тұран» және «Жетісудан» тұратын өте күрделі топты жеңіп, кубоктық ойындарды да сәтті өткізді. Кубоктың ¼ финалында елордалық «Астанамен» ойында қосымша уақытта ғана жартылай финалға өту мүмкіндігінен айырыл қалды.
Кім кімге дауыс берді:
Фото: пресс-служба ФК «Тобол»