KZ
KZ RU
09 тамыз 2022 15:13

Александр Седнев — Қазақстанның шілде айындағы үздік бапкері

09 тамыз 2022 15:13

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өткен айдың үздік бапкерін анықтау мақсатымен Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлерінің арасында сауалнама өткізді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев үздік атанды. Сауалнамаға қатысқан 14 бапкердің 5-і өз дауыстарын белорустық маманға берді.

Александр Сергеевич осы маусымда екінші рет айдың үздік бапкері болып танылды. Бұған дейін ол сәуір айында үздік атанды.

Екінші орынды Әли Әлиев иеленді. «Қызыл-Жардың» бас бапкері УЕФА Конференциялар лигасында хорваттық «Осиектен» басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Үшінші орынды Нүркен Мазбаев («Тараз») пен Андрей Ферапонтов («Мақтаарал») өзара бөлісті.

Кім кімге дауыс берді: