KZ
KZ RU
11 мамыр 2022 12:01

Александр Седнев – сәуір айының үздік бапкері!

11 мамыр 2022 12:01

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) өткен айдың үздік жаттықтырушысын анықтау мақсатымен Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлері арасында сауалнама өткізді.

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев өткен сауалнамада топ жарды. Шымкенттік команда сәуір айында 3 рет жеңіске жетіп, 1 ойынды тең аяқтады.

Сауалнамада екінші орынды «Тараздың» бас бапкері Нүркен Мазбаев иеленді, ал үздік үштікті «Каспий» бапкері Николай Костов Николов қорытындылады.

Кім кімге дауыс берді:

Фото: «Ордабасы» футбол клубының баспасөз қызметі