20 сәуір 2013 22:42
Алексей Мулдаров: «Смақовтай болу қайда?!»
20 сәуір 2013 22:42
- Біріншіліктің көшбасшыларының бірімен кездестік. Сондықтан, ойынның өте ауыр болғанын аңғару қиын емес болар. Әсіресе алғашқы жиырма минуттықта қатты қиналдық. Артынан алаңға бейімделіп, жинақылық танытып, ақыры жеңісті жұлып алдық.
- Бүгін қақпаларыңыздың бағанасынан бір емес, бірнеше рет доп кері серпіліп жатты. Сәттілік сіздерге жолдас болды деп ойлайсыз ба?
- Өмір алма кезек қой. Бұған дейін біз керемет ойнағанымызбен үш рет тең түсіп қалдық. Әйтеуір, соңғы сәттерде бірнәрсе жетпей жатты. Есесіне бүгін сәттілік біздің жақта болды.
- Кездесуді сырттай тамашалаған біз үшін "Ақтөбе" екінші нөмірде ойнап жатқандай болып көрінді...
- Жо-жоқ, біз әрдайым брінші нөмірде ойнаймыз. Дегенмен, бүгін команда сапында Александр Гейнрих болған жоқ. Ол біздің негізгі шабуылшымыз. Сондай-ақ, Кападзе мен Ковальчуктың да жаттығуды бастағандарына нәбәрі екі-ақ күн болды. Бәлкім, осыдан кейін шығар, шабуылымыз онша мардымады.
- Алексей, бұған дейін Ресей премьер-лигасында өнер көрсеткеніңізді білеміз. Екі елдің біріншілігін салыстыра аласыз ба?
- Меніңше, айырмасы шамалы. "Астана", "Ақтөбе" және "Шахтер" сынды командалар Ресей біріншілігінде де лайықты өнер көресете алады деп ойлаймын
- Премьер-лигасында ма?
- Иә.
- Ал команданың бас бапкері жайлы не айтасыз?
- Никитенко керемет бапкер. Адамды жақсы түсінетін психолог. Маған ол кісімен бірге жұмыс істеген ұнайды.
- Сіз негізі "Ақтөбеге" Смақовтың орнына келдіңіз. Сондықтан, екеуңізді жиі салыстыратыны жасырын емес. Қалай ойлайсыз, Саматтың орнын толыққанды баса алдым деп ойлайсыз ба?
- Жоқ. Смақовқа жету қайда? Оған жету үшін маған әлі де өсе түсу керек. Ал Самат — Қазақстан футболының аңызы. Сондықтан, Саматпен салыстырып жатса, онда менің де нашар футболшы болмағаным.
- Қалай ойлайсыз, биыл чемпиондық жолында "Ақтөбеге" қай командалар бәсекелес болуы мүмкін?
- Өзіміз. Өйткені, бас бапкердің тапсырмасын мүлтіксіз орындасақ, бізге ешкім де кедергі бола алмайды. Әр ойында барымызды салып, қателіктерге жол бермеуіміз керек.
- Қазақстан Премьер-лигасында қай шабуылшыға қарсы ойнаған қиын екен?
- Ұлықбек Бақаевқа қарсы тұру қиын. Жақсы мағанада айтқанда ол өте жағымсыз, жексұрын шабуылшы.
- Футболшы ретіндегі қазіргі арманыңыз не?
- Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алу.
Сәкен Спанов, Арнайы КФЛ сайты үшін
Басқа жаңалықтар