KZ
KZ RU
06 ақпан 2017 12:51

Алексей Петрушин Қазақстанға үшінші рет келді

06 ақпан 2017 12:51

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы команданың жаңа жаттықтырушысы туралы толығырақ баяндайды.

Алексей Петрушин 1952 жылда қаңтардың 29-да дүниеге келген. Туылған жері – Мәскеу облысы, Люберцы қаласы. Үлкен футболда жергілікті «Торпедо» сапынан алғаш рет көрінді. Талантты футболшыны мәскеулік «Динамоның» бапкерлері өздеріне шақырды. Сөйтіп, мәскеулік командада он бір жыл бойы ойнады. 244 ойын өткізіп, 21 доп соққан екен. «Динамода» жүргенде, көптеген жоғары дәрежелерге жетті. Солардың ішінде: КСРО чемпионатының алтын жүлдесі, ел кубогы және екі қола медаль. 

Алексей Петрушин, төменгі қатардағы сол жағында

«Динамодан» кейін Петрушин Өзбекстанға аттанды. «Пахтакор» командасында да өзін көрсете алды. Жанкүйерлерге Алексейдің ойыны қатты ұнады. Өз бапкерлік мансабын да Петрушин осы елде бастапты. Жергілікті «Шахриханец» және «Пахтакор» (Әндіжан) командаларында бапкердің көмекшісі ретінде жұмыс істеді. Біраз тәжірибе жинапты. Кейін өз Отанында мәскеулік «Динамо», «Арсенал» (Тула), «Шинник» (Ярославль) және «Сокол» (Саратов) секілді командаларды жаттықтырды. 

"Қайрат", 2004 жыл

Қазақстанға алғаш рет 2004 жылы Леонид Пахомовтың шақыруымен келді. Өз отандасына «Қайратта» көмектесіп, кейін Леонид кеткенде, шәкірттерін өзі алға сүйреді. 2004 жылы алматылық футболшылар соңғы рет ел чемпионы атанды. Сол командада Смақов, Ловчев, Карпович, Набойченко, Тлехугов, Богомолов сияқты аяқдоп шеберлері өнер көрсетті. Келесі жылы Петрушин Қазақстандағы үздік бапкері ретінде атанды. 2006 жылы Белоруссияға көшіп, минскілік «Динамода» да жоғары бапкерлік деңгейін көрсете алды.

Екінші рет Отанымызға ресейлік маман 2014 жылы келді. Турнирлік кестеде соңғы тұрған семейлік «Спартак» командасы оның нұсқаулығымен қатар бес ойында жеңіске жете алды. Бірақ, Петрушин Семейге кеш келді. Команданы құтқара алмады. Сөйтіп, «Спартак» жоғары лигамен қош айтысты. Дегенмен, жанкүйерлер оған риза. Әлі күнге дейін Алексейді жиі есіне түсіреді.

«Ордабасы» Петрушин үшін Қазақстандағы үшінші клуб. Осы командада қалай болатынын тек қана уақыт көрсетеді, бірақ бапкерлік мансабындағы табыстары барлықтарын оған тек қана құрметпен қарауға мәжбүрлейді.