03 наурыз 2019 20:28
Алексей Шпилевский: «Көңілде кірбің қалғанымен жұмысты әрі қарай жалғастырамыз»
03 наурыз 2019 20:28
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Алексей Шпилевский матч соңындағы баспасөз мәслихатында Суперкубок ойынына өз бағасын берді:
- Қарсылас лайықты жеңіске қол жеткізді. Құттықтаймын! Көңілде кірбің қалғаны рас. Алайда, қателіктерден сабақ шығарып, жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Дайындық кезеңі мен бүгінгі ойын бір-біріне сай келмеді. «Астана» футбол клубы тәжірибелі қарсылас. Өкінішке қарай, біздің ойыншы алаңнан қуылғаннан кейін, ойынды құтқаруға мүлдем мүмкіндік қалмады.
- Негізгі ойыншылардың көбі алаңға шықпады?
- Бауыржан Исламхан, Нұралы Әліп, Сергей Политевич, Ғафуржан Сүйімбаев, Самат Сәрсенов... Барлығының жарақаты бар.
- «Қайрат» осы маусымда Кубок жолында тек қазақстандық ойыншылармен ойнау дәстүрін жалғастырады ма?
- Иә, осы маусымда да солай болмақ. Кубокта тек қазақстандық ойыншылар алаңға шығады.
- Екі гол да орталық аймақтан соғылды. Орталық қорғаушылардың қателігі ме?
- Орталық қорғаушылар орнынан жылдам көтерілмеді. Қарсыластың допқа иелік етуіне кедергі келтірмеді. Өрескел қателік.
- Ойыншылардың қайсысына кінә тақпайсыз?
- Ең жас футболшы Вячеслав Швырев шығар. Ол қателесті. Алайда, жасыл алаңда толықтай беріліп ойнады.
- Дино Микановичтің ойынына қандай баға бересіз?
- Ол команда құрамына кеш қосылғандықтан, біздің не талап ететінімізді соңына дейін түсінбеген сыңайлы. Өз ойынын көрсету үшін ақыт қажет.
Басқа жаңалықтар