KZ
KZ RU
06 қыркүйек 2017 16:55

Алматы қаласында өтетін жаңа Қазақстан Кубогымен таныстыру рәсіміне шақырамыз

06 қыркүйек 2017 16:55

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы барлық жанкүйерлерді футболдан Қазақстан Кубогының жаңа нұсқасын таныстыру шарасына шақырады.

Әр жанкүйер 14 қазанда  финалда "Қайрат" пен "Атырау" арасында бәсекеге салынатын Кубоктың жаңа нұсқасымен суретке түсе алады.

Бұл шара "Орталық" стадион есіктерінің (Абай даңғылы жағынан) алдында өтеді. Фото-аймақтың жұмыс жасау уақыты 10 қыркүйекте болатын Қазақстан Чемпионатының "Қайрат"-"Қайсар" ойынына екі сағат қалғанда, яғни 16:00-де басталмақ.

Бір аптадан кейін осындай шара Атырау қаласында да өткізу жоспарлануда.

Барлық футбол сүйер қауымды жаңа Кубокты бірінші болып тамашалауға шақырамыз!