KZ
KZ RU
17 тамыз 2020 11:14

«Алматы-Талғар» локациясындағы футбол нысандары тексерілді

17 тамыз 2020 11:14

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты өтетін  «Алматы-Талғар» локасиясындағы футбол нысындарын тексерді.

Шара барысында футбол ойындары өтетін стадиондардың санитарлық-эпидемиялық талаптарға сейкестігі анықталды.  Сонымен қатар отандық клубтардың жарыс уақытында тұратын Алматы қаласындағы бірнеше қонақ үйлер карантин талаптарының сақталуына тексерілді.  

Тексеріс нәтижесінде стадиондар мен аталған қонақ үйлердің санитарлық ережеге түпкілікті сәйкестігі ерекше аталды. Инспекция мүшелері қазіргі уақытта мемлеттік органдармен келіселген Санитарлық протоколдың талаптарын қатаң түрде орындау маңызды екенін айта кетті.

Қорытындылай келе, таңдалған ареналар OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын 18 тамыздан бастап жалғастыруға дайын.