Алматыда JIRA білім бағадарламасының кезекті кезеңі өтті
Тренер базалық менеджмент аспектілері мен PR-технологияны ұсынды. Курстың оқуын ҚФФ техникалық директоры Қайрат Адамбеков, УЕФА инструкторы Зденек Зивек, мененджмент департаментінің директоры, PR және ҚФФ қоғаммен байланыс өкілі Измаил Бзаров өткізді.
Курсанттар тәжірибелік өздерінің ғылыми жұмыстарының демонстрацияларымен бірге дербес рефераттарын ұсынды. Бұл модуль ҚФФ медиа мен PR аймағындағы өткен Премьер-Лигадағы клубтардың персс-офицерлері өткізген жұмыстың жалғасы ретінде сабақталды.
- Жаңа заманғы жаттықтырушы өзінің ойын дұрыс қорта біліп, оны шәкірттеріне түсінікті түрде жеткізе білу керек, - деді ҚФФ техникалық орталығының директоры Қайрат Адамбеков. – Келесі модуль ойын алдындағы дайындықта ойыншыларды функционалды және техникалық түрдегі дайындығына арналатын болады.