KZ
KZ RU
11 қазан 2017 20:52

Алтай - Екінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің жеңімпазы

11 қазан 2017 20:52
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы "Алтай" футбол клубын Екінші Лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасының Біріншілігінің жеңімпазы атануымен құттықтайды.
 
Шығысқазақстандық команда 64 ұпаймен (20 жеңіс, 4 тең ойын, 3 жеңіліс) жарыстың аяқталуына 3 ойын қалғанда уақытынан бұрын Біріншілікті жеңіп алды.  
 
Қазіргі уақытта "Алтайдың" қорғаныс шебі 27 ойында 14 гол жіберіп, дивизионның үздігі атануда.   
 
"Алтай" ФК 2018 жылғы Бірінші лига командалары арасындағы Біріншілікке қатысу құқығына ие болып, жаңа трофеймен марапатталады.