KZ
KZ RU
26 қазан 2017 23:06

Алтай - Екінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің жеңімпазы

26 қазан 2017 23:06

Екінші Лига командалары арасындағы Біріншіліктің соңғы турындағы "Алтай"-"Рузаевка" ойыны аяқталғаннан кейін турнирдің жеңімпазы "Алтай" футбол клубын марапаттау рәсімі өтті.

Триумфаторларды Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Спорттық директоры Павел Демян марапаттады.

Осы маусымнан бастап ҚКФЛ бастамасымен барлық жүлделер өтпелі болады. Талдықорғандағы марапаттау рәсіміндегі сценарий секілді жеңімпаз команда тондодан бөлек алтын медальдар табыс етілді.  

Маусым нәтижесімен Біріншіліктегі екінші орынды алматылық "Қайрат" жастар командасы жеңді, ал үшінші орынға СДЮШОР №7 ие болды. Шымкенттік ұжым жүлделі орынға клуб тарихында алғаш рет қол жеткізді. 

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Екінші Лига командалар арасындағы Біріншіліктің жеңімпазы мен жүлдегерлерін құттықтайды!

Фото "Алтай" ФК баспасөз-қызметі