Қанат Мұсатаев: «Әрбір ойыншы футболда өз ізін қалдыруға тырысады»
Содан кейін танымал ойыншы еліміздің көптеген клубтардың және ұлттық құраманың намысын қорғаған. Бапкер ретінде де Мұсатаев көп еңбек сіңірген. Қазақстан футбол федерациясында әуелі спорт директорының орынбасары болып, ал кейін спорт директоры ретінде жұмыс істеді. Қазір де Қанат Мұсатаев Қазақстан футболының дамуына өз үлесін қосуда.
- Қанат Бектілеуұлы, үлкен футболға Сіз Қазақстан біріншілігінің алғашқы маусымында келдіңіз. Сол чемпионат әлі есіңізде ме?
- Иә, барлығы де есімде. Сол жылдары Шымкентте екі футбол командасы болған - «СКИФ-Арсенал» және «Жігер». Мен біріншілердің сапында өнер көрсеттім. Күміс медальдерін алдық. Барлық командаларда да жергілікті шәкірттер көп болған және олардың деңгейі жаман емес. Өкінішке орай, «Қайратқа» бір ұпай ғана ұтылдық, бірақ алматылықтардың Қазақстандағы ең үздік футболшыларды жинағандары әркімге белгілі. Шымкенттік команданың сапында алғашқы ойыным да көз алдымда. Сол матчта мен гол соқтып, ал біздің командамыз 3:0 есебімен жеңіске жетті.
- Командада бірден негізгі ойыншы болдыңыз ба?
- Тек қана негізгі құрамда емес, команда капитаны да болдым. Мен сол жылы не бары 21-демін. Маған артқан сенімі үшін бас бапкерге, клубтастарға шексіз алғысымды білдіремін. Олар мені капитан ретінде тағайындады.
- Командаларда қаржы жетіспеушілігі мәселесі тұрды ма?
- Командаға онша көп ақша жұмсалған жоқ, бірақ ойыншылар үшін ол маңызды емес. Ең бастысы – клуб бірқалыпты өз өмірін сүрді. Ойыншылар жыл сайын клубтарын аусыстарған жоқ. Біздің ойындарына көп адам стадионда жиналған. Ол футболдағы ең маңыздысы.
- 1994 жылы Сізді чемпионаттың үздік ойыншысы ретінде атады. Солай болады деп ойландыңыз ба?
- Әр футболшы осы ойында өз ізін қалдыруға тырысады. Бірақ сол жылы басқа да көптеген мықты футболшылар ойнады. Өзім туралы айтсам, жолым болды. Мүмкін мені жеңімпаз ретінде соққан он голым үшін атаған шығар.
- Орталық қорғаушы болып, қалайша он рет доп соқтыңыз? Стандарттық жағдайлардан ба?
- 1993-ші жылы сегіз рет мергендігімен танылдым. Иә, шынында да көптеген голдарым стандарттық жағдайлардан шабуылға қосылғандықтан соғылды. Клубтастарым маған үлкен көмек көрсетті. Сол үшін оларға тағы да алғысымды білдіремін. Командада тәжірибелі ойыншылардан басқа жас футболшылар да ойнады. Біріншілерден Зайцевті, Толмачевті, Ықсановты, Степанищевті және Радтке атауға болады. Жас ойыншылардан қасымда Воскобойников, Тетушкин, Жұмаханов, Ергешев, Тетушкин, Өтебаев, Капустников, Сейсенов және тағы да басқалар өнерін көрсетті. Олардың көбісі содан кейін ұлттық құрамаға шақыртылды.
- Төрт жылдан кейін Сіз командадан кеттіңіз. Не себепті?
- Команда қаржы жетіспеушілік мәселесіне ұшырады. Мені 96-шы жылы Ақтаудың «Мұнайшы» клубына шақырды. Сол ұсынысты мен қабылдадым.
- Сол кезде Құрбан Бердыев команданы жаттықтырды ма?
- Жоқ. Ол кейін келді. Мен Станислав Каминский көш бастаған кезде келдім. Команда үшін барлық жағдайлар жасалды. Мықты легионерлер де келді. Мысалы, Иван Яремчук пен Василий Қаратаев.
- Азияның кубоктык турнирлерде ойнадыңыз ба?
- Шымкенттік команданың сапында 96-шы жылы Ақтауға кеткеннен бұрын АФК Кубогында ойнадым. «Ертіс» сапында Чемпиондар лигасында ойнауға мүмкіндік алдым. Біз түрікмен, қырғыз және басқа да командаларды жеңдік. Негізінде Азия құрлығында Жапония, Оңтүстік Корея және Сауд Арабиясы елдерінің клубтары көш бастаған, бірақ Қазақстан командалары да жоғары нәтижелерге жетуге тырысты.
- Сіз ұлттық құрамада да өнерін көрсеттіңіз.
- Иә, бірақ не бары тоғыз ойын ғана өткіздім. Оның себебі – ұлттық құрама қазіргідей жиі жиналған жоқ. Сондықтан көптеген мықты футболшылар команда сапында өздерін көрсетуге мүмкіндік алмады. Содан кейін бірнеше ойыншылар басқа елдерге көшіп кетті.
- Ал Сізде шетелден ұсыныстарың болды ма?
- Арсен Найденов көш бастаған «Жемчужина» командасы өз сапына шақырды, бірақ шымкенттік командамен қаржы мәселесі бойынша тіл табыса алмады. Содан кейін Тольятти қаласының «Лада» командасында өнер көрсетуге мүмкіндік алдым, бірақ жолым болмады.
- Қазір Сіз «Оңтүстік» футбол академиясының жетекшісі ретінде жұмыс атқарасыз. Ол туралы сәл толығырақ айта аласыз ба?
- Шымкенттегі академия барлық қажетті жабдықтармен жасақталған. «БИІК» базасында жаңа қонақүй бар мен 9 футбол алаңы бар. Оның жартысынан көбі табиғи алаң. Оңтүстік Қазақстан облысының ауа-райы қолайлы. Оның үстіне инфрақұрылым дайын. Біздің өңірде футболмен шұғылданатын балалардың саны да көп. Бірнеше жылдан кейін академияның түлектері Қазақстан намысын қорғамақ.
- Сіздің футболдағы арманыңыз бар ма?
- Менің арманым – Қазақстанның әрбір өңірінде жоғары сапалы алаңдар, жабық манеждер болсын. Әр клубтың өз базасы болуы керек, ал оның ішінде - команданың мұражайы. Жаңадан келген футболшы клуб тарихымен танысуы тиіс. Базалар мен алаңдарды салсақ, балалар және жасөспірімдерге күшін аямасақ, футболымыздың тез өсетініне мен сенімдімін.