Анатолий Дорош «Астанамен» келісімшартқа қол қойды
Ойыншы жаттығу жұмыстарын 29 мамырдан бастады.Сөйтіп, енді «Астанада» Молдова құрамасының екі шабуылшысының: Дорош – Бугаев байланысы түзілді.
Келісімшартқа қол қойылған соң, Анатолий Дорош «Астана» ойыншысы ретінде клубтың арнайы сайтына сұхбат берді:
- «Астанаға» ауысу нұсқасы қалай басталды? Астаналық клубтың ұсынысына ұзақ ойландыңыз ба?
- «Астанаға» өту туралы ой пайда болғанда, мен еш күмәнданбадым. Өйткені, «Астана» - Қазақстандық мықты клубтардың бірегейі. Клуб Қазақстанда ғана емес, оның сыртында да танымал.
- Сен «Ертіс» құрамында екі рет астаналық клубқа қарсы ойнадың, клуб қандай әсер қалдырды?
- Команданың шабуылдық стилі мен жаңа күннің футболын ойнайтыны маған ұнады. Команда әрқашан бірінші нөмірмен ойнайды. Және команданың тактикалық жоспарды сауатты құратыны оған мықты футбол көрсетуге мүмкіндік береді. Команда жақсы қорытындылар бергенінің арқасында бүгінде алғашқы орында келе жатыр, әрі дұрыс бағытта дамып келе жатыр.
- «Астана» құрамының сапында қандай нөмірде ойнағың келеді?
- Маған жетінші нөмірді берді. Мен наным-сенімнен алыс адаммын, мен үшін цифрдың маңызы жоқ, маңыздысы жақсы ойнап, командаңа пайдаңды тигізу деп білемін.
- Бір командада Молдова құрамасында бірге ойнаған серіктесің Игорь Бугаевтың болғаны шешім шығаруға әсерін тигізді ме?
- Әрине, мен Игорьмен бір командада ойнайтыным үшін қуаныштымын. Дегенмен, екеуміз бір құрамада ойнайтынымыз бір клубта ойнайды дегенді білдірмейді. Әрбір футболшы «Астана» секілді мәнді клубта ойнау құқығын әр күні дәлелдеуі керек.
- «Астана» құрамында алдыңызға қандай мақсаттар қоясыз?
- Ең басты мақсат – клуб басшылығы қойып отырған мақсатқа – чемпион атануға көмегімді тигізу. Команданың бас бапкері мені қандай позицияға орналастыратынын білмеймін, десе де, шабуыл шебінде боламын деп ойлаймын. Егер шабуылшы болсам, көптеп гол салуға тырысамын, егер флангта болсам, өзімнің белсенді қылығыммен астаналық клубтың шабуылына көмектесетін боламын.
fca.kz