KZ
KZ RU
07 сәуір 2023 09:59

Андрей Филипповичтің голы наурыз айында үздік деп танылды

07 сәуір 2023 09:59

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы маусымның наурыз айындағы ең үздік голын анықтау мақсатымен жанкүйерлер арасында сауалнама ұйымдастырды.

Жанкүйерлердің таңдауына өткен айда OLIMPBET-Чемпионаты аясында соғылаған 7 гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбе» шабуылшысы Андрий Филиповичтің 3-турда «Астана» қақпасына соғылған екінші голы наурыз айының үздігі болып танылды. Аталмаш голға респонденттердің 69,8 % өз дауыстарын берді.

Екінші орынды «Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахметтің «Ақсу» қақпасына соғылған голы (17,53% дауыс) иеленді.

Үздік үштікке «Қайраттың» шабуылшысы Артур Шушеначевтің (6,1% дауыс) орындауындағы «Каспий» қақпасына бағытталған нәтижелі соққы кірді.