16 қараша 2022 11:53
Андрей Пасеченко - 2022 жылғы маусымның Бірінші лиганың үздік қақпашысы!
16 қараша 2022 11:53
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша біріншіліктің үздік қақпашысын анықтау мақсатында Бірінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама.
Сауалнама қорытындысы бойынша талдықорғандық «Жетісу» командасының ойыншысы Андрей Пасеченко Бірінші Лиганың үздік қақпашысы атанды. Аяқталған маусымда қазақстандық қақпашы 17 матч өткізді, оның сегізінде ол өз қақпасын голдан аман сақтап қалды. Дауыстарды қосқаннан кейін Пасеченко барлығы 43 ұпай жинады.
Екінші орынды қызылордалық «Қайсардың» қақпашысы Нұрымжан Салайдин иеленді. Ол 30 ұпай жинады.
Үздік үштікті 15 ұпаймен «Оқжетпестің» жас қақпашысы Александр Довгал қорытындылады.
Кім кімге дауыс берді:
Басқа жаңалықтар