KZ
KZ RU
14 маусым 2022 14:40

Андрия Филипович - мамыр айындағы OLIMPBET-Чемпионаттың үздік ойыншысы!

14 маусым 2022 14:40

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы мамыр айының үздік ойыншысын анықтау мақсатымен Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының командалары бапкерлері мен капитандары арасында дәстүрлі түрде сауалнама өткізді.

Респонденттердің әрқайсысы үздік үштікті таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 3 балл – бірінші орын үшін, 2 балл – екінші орын үшін, 1 балл – үшінші орын үшін. Нәтижесінде барлық ұпайлар қосылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айда Қазақстанның үздік ойыншысы болып «Атырау» шабуылшысы Андрия Филипович атанды. Мамыр айында өткен төрт ойында хорватиялық ойыншы 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас беріп, өз командасына 6 ұпай жинауға көмектесті.

Екінші орынды «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов иеленді. Астаналық команданың капитаны «Қайратпен» болған ойында хет-трик жасады, сонымен қатар екі нәтижелі пас берді.

«Астананың» тағы бір футболшысы Педро Эуженио үздік үштікті қорытындылады. Португалиялық шабуылшы өткен айда бес гол соқты.

Кім кімге дауыс берді: