KZ
KZ RU
14 қыркүйек 2023 13:04

Андрия Филипповичтің голы тамыз айында үздік атанды

14 қыркүйек 2023 13:04
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы маусымның тамыз айындағы үздік голын анықтау үшін жанкүйерлер арасында ашық сауалнама ұйымдастырды.
 
Жанкүйердердің таңдауына өткен айда OLIMPBET-Чемпионаты мен UBET-Бірінші Лигасының ойындарының аясында сағылған үздік 10 гол ұсынылды.
 
Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбе» ФК шабуылшысы Андрия Филиповичтің OLIMPBET-Чемпионаты 20-туры аясында «Тобыл» командасының қақпасына соғылған голы тамыз айында үздік деп таңдалжы. Аталмыш нәтижелі соққы үшін респонденттердің 72,02% өз дауыстарын берді.
 
Естеріңізге сала кетейік, сауалнамада тек қазақстандық IP-мекен-жайы бар жанкүйерлердің дауыстары ескерілді.