KZ
KZ RU
03 маусым 2024 15:13

Ғани Қайназаров «Қайрат» және «Шахтер» клубтарының басшыларымен кездесті

03 маусым 2024 15:13
Алматы қаласында QFL президенті Ғани Қайназаровтың «Қайрат» ФК бас директоры Асқар Есімов пен «Шахтер» ФК атқарушы директоры Асқар Әбілдаевпен кездесуі өтті. Qazaqstan Football League президенті мен футбол клубтарының басшылары отандық футболды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру мен өзара тығыз байланысты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесу барысында Ғани Қайназаров алматылық команданың басшылығын алда келе жатқан 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, сәттілік тіледі. 

Сондай-ақ, QFL президенті «Қайрат» пен «Шахтер» арасындағы ойынды тамашалады. Матч 2 маусым күні Алматы қаласындағы орталық стадионда өтіп, 4:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Бұл кездесуде OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 10-шы турындағы ең көп 10 159 жанкүйер жиналды.