Қарағандыда «Coca-Cola Былғары доп - 2012» додасының орта жеткіншектер тобы арасындағы финалдық турнир мәресіне жетті
Алдымен командалар төрт топқа бөлініп, өзіндік іріктеу кезеңін өткізді. Нәтижесінде финалға үздік командалар шықты.
Ақтық сында Алматы қаласының ГУОШ №41 командасымен Маңғыстау облысы Құрық мектеп-гимназиясының оқушылары өзара мықтыны анықтады. Өте тартысты өткен кездесуде Қуаныш Сұлтанғали мен Елнұр Әділжановтар бір-бір доптан соғып, оңтүстік астанамыздың командасына жеңіс сыйлады.
Иә, сөйтіп орта жеткіншектер тобында Алматы қаласының ГУОШ № 41 командасы (жаттықтырушысы - Жансерік Қожақанов) жеңімпаз атанды. Екінші орын маңғыстаулықтарға бұйырса, Ақмола облысы Атбасар қаласының №2 орта мектебі үздік үштіктен орын алды.
Турнирдің үздіктері:
Үздік қақпашы - Есіл Ескермес (Алматы қ.),
Үздік қорғаушы - Артур Юнг (Ақмола обл.),
Үздік жартылай қорғаушы - Жеңіс Жұмалиев (Маңғыстау обл.),
Үздік шабуылшы – Мерей Селбаев (Маңғыстау обл.),
Үздік сұрмерген - Ербаян Омаров (Павлодар обл.)
Көрермендер көзайымы – Константин Шыховцев (Ақмола обл.),
Үздік ойыншы – Дәуір Сабырғалиев (Алматы қ.)
Үздіктерді "Қайрат" футбол клубының ардагері, Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақовтың өзі марапаттап, турнирді одан сайын қызықты етті.
Сондай-ақ марапаттау рәсіміне ҚФФ Балалар-жасөспірімдер департаменті директорының орынбасары Игорь Утробин, Қарағанды футболының ардагері, КСРО спорт шебері, "Шахтер" футбол клубы орталығының жетекшісі Петр Асылбаев, Қарағанды футбол қауымдастығының атқарушы директоры Николай Бублинский сынды майталмандар қатысты.