Аресниджевич, Бодионг және Брезински өздерінің бұрынғы клубтарына оралды
2012 жылы "Шахтер" сапында ел чемпионы атанған 29 жастағы серб жартылай қорғаушысы Филип Арсениджевич (суретте) Сербияның "Ягодина" клубына ауысты.
Жалпы, бұл команда Қазақстан жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өткен маусымда Шымкенттің "Ордабасы" клубы осы "Ягодинамен" Еуропа лигасының аясында кездесіп, тізе бүктірген болатын. "Шахтерге" келмей тұрып Арсениджевич осы клубта өнер көрсеткен. Ал қарағандылықтар қатарында барлығы 19 ойын өткізіп, бір голдың авторы атаныпты.
"Астана" сапында Қазақстан кубогының иегері болған, Премьер-лигада барлығы 16 кездесуге қатысқан камерундық 24 жасар жартылай қорғаушы өзінің бұған дейінгі ұжымы Венгрияның "Кечкеметіне" қайта оралды.
"Ақжайық" сапында 9 кездесуге қатысып, бір гол соққан 28 жасар словак қорғаушысы Милош Брезински өзінің бқрынғы клубы Чехияның "Виктория" (Пльзень) командасына қайта барды.