KZ
KZ RU
20 қараша 2017 10:31

Артем Касьянов - 2017 жылғы Бірінші Лига үздік ойыншысы

20 қараша 2017 10:31
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) маусымның үздіктерін таныстыруды жалғастыра отырып, Бірінші Лига командалары арасындағы Біріншіліктің үздік номинациялары туралы жариялайды.
 
Бүгін біздер 2017 жылғы "Бірінші Лига Үздік ойыншысын" анықтауға арналған сауалнаманы қорытындылаймыз. Көшбасшыны анықтау үшін ҚКФЛ футбол клубтардың басшылары, бас бапкерлері және капитандары арасында сауалнама ұйымдастырды. Ұпайларды санау жүйесі бұрынғыдай: сауалнамада алған 1 орын үшін - 3 балл, екінші орын - 2 балл, үшінші орын - 1 балл.  
 
Бірінші Лиганың үздік бес ойыншысының тізімі келесідей:
1. Артем Касьянов, «Жетісу» - 54 балл
2. Бошко Ступич, «Қызыл-Жар СК» - 16 баллов (рейтингте бірінші орын алған баллдар жағынан жоғары)
3. Сабырхан Ыбыраев, «Жетісу» - 16 балл
4. Олег Хромцов, «Жетісу» - 13 балл
5. Едіге Оралбай, «Мақтаарал» - 9 балл.
 
Бірінші Лига командалары басшыларының дауыс беруі:
 
 
Бірінші Лига командалары бас бапкерлерінің дауыс беруі:
 
 
Бірінші Лига командалары капитандарының дауыс беруі: