20 қараша 2017 15:48
Артем Касьянов: Үздік болып бірінші рет танылдым. Бұл - керемет сәт
20 қараша 2017 15:48
Бірінші Лиганың үздік ойыншысы болып танылған талдықорғандық "Жетісудың" ойыншысы Артем Касьянов Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз-қызметіне сұхбатында номинациядағы жеңісі туралы айтып өтті.
- Артем, номинациядағы жеңісіңіз құтты болсын! Қандай эмоциядасыз?
- Рахмет! Бұндай номинацияны жеңу мен үшін жағымды. Бірінші рет үздік болып танылдым. Мен үшін дауыс бергендерге алғыс айтам!
- Маусым аяғында үздік болып таныламын деп ойладыңыз ба?
- Шындығына келсек - жеңіске жетемін деп сенгенмін. Бірақ сенімім нық болмады. Әрине, БАҚ өкілдерінде бұл туралы оқығанымда, қуанышты болдым. Маусым мен үшін қиын, бірақ өте қызық өтті. Премьер-Лигаға оралғаныма қуаныштымын. Бұл мақсатты орындау үшін бар күшімізді салдық.
- Қандай факторлар "Жетісудың" премьер-лигаға оралуында шешуші болды? Үшеуін айтып өте аласыз ба?
- Маусымның басынан біздің команда Бірінші Лиганың үздігі болып оңай танылады деген пікір болды, бірақ бұл мақсатты орындау қиын болды. Әр жаттығуда ойыншылар екі жүз пайызды жұмыс жасап, еңбекті ақтады. Шешуші факторды айтатын болсақ, бұл- тәртіп, еңбекке қабілеттілік және ұжымның ауызбіршілігі.
- Бәсекелестер қатарында сіздің клубтастарыңыз - Сабырхан Ыбыраев және Олег Хромцов болды. Бұл жағдай туралы әзілдедіңіз бе?
- Жоқ, әзірше әзілдеген жоқпыз. Бірақ оларға сәлем жолдап, одан да көп жаттығу керектігін айтам (күледі).
- "Жетісуда" келесі маусымда қалуды жоспарлап отырсыз ба?
- Командадағы болашағым маған байланысты емес. Маған әзірше жаңа келісімшарт ұсынған жоқ, сол себептен жаңа клуб іздеп жатырмын.
- Сіздің жеке және командалық жетістіктеріңізде жанкүйерлердің еңбегі бар. Оларға не айтқыңыз келеді?
- Осындай жақсы маусымнан кейін жанкүйерлерге өз командаларын тек үздіктер қатарында көруіне тілектеспін. Ештеңеге қарамастан "Жетісуға" қолдау көрсетемін. Талдықорғандық жанкүйерлер маған жақсы көзқараспен қарады. Оларға сәлем жолдап, барлық жақсылықтар тілеймін!
Басқа жаңалықтар