28 ақпан 2018 16:51
Артем Кучин – 2018 жылғы Қазақстан Суперкубогының бас төрешісі
28 ақпан 2018 16:51
40 жасар Артем Кучин 2018 жылдың Қазақстан Суперкубогы үшін кездесудің бас төрешісі болып тағайындалды.
Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау Департаменті Суперкубок матчында қызмет атқаратын төрешілер тізімін анықтады:
4 наурыз, Қазақстан Суперкубогы
«Астана» - «Қайрат»
Бас төреші: Артем Кучин (Карағанды);
Бас төрешінің көмекшілері: Евгений Бельский (Тараз), Айдын Тасыбаев (Павлодар);
Бас төрешінің қосалқы көмекшілері: Денис Измайлов (Талдықорған), Бағдат Абдұллаев (Қаратау);
Резерв төрешісі: Серік Жаппасбаев (Қызылорда).
«Астана»-«Қайрат» кездесуі 4 наурыз сағат 15:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.
Басқа жаңалықтар