Артур Шушеначев - тамыз айынының үздік ойыншысы!
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты мен OLIMPBET-Қазақстан Кубогының үздік ойыншысын анықтады.
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы бапкерлер мен капитандар үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Барлық ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік ойыншысы болып алматылық «Қайрат» командасының шабуылшысы Артур Шушеначев атанды. Қазақстандық ойыншы 32 ұпай жинады.
Аталмыш тізімде екінші орынға Артурдың командаласы Вагнер Лав орналасты. Бразилиялық 24 ұпайға қол жеткізсе, үздік үштікті «Шахтердің» қақпашысы Игорь Шацкий тұйықтады – оның 21 ұпайы бар.
Өткен айдың үздік бапкері атағына сауалнамада бірден төрт маманы 4 ұпайдан жинады – олар Магомед Адиев («Шахтер»), Срджан Благоевич («Каспий») және Владимир Никитенко («Қайсар»).
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы жаңа идеяны жүзеге асыруда. Осы уақыттан бастап ай қорытындысы бойынша номинациялар иегерлерін қазақ футболының ардагерлері марапаттайтын болады.
Марапатты Артур Шушеначевке OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 21-турының «Қайрат»-«Қызыл-Жар СК» ойынының алдында отандық футболдың белгілі ардагерлерінің бірі Вахид Масудов табыс етті. 61-жасар Масудов футболшы кезінде КСРО, Германия және Қазақстан клубтарында ойнады, сондай-ақ ол Қазақстанның ұлттық құрамасын намысын қорғады. Футболшы ретінде Вахид Юнусұлы екі рет Қазақстан Чемпионатын жеңімпазы атанып (1992, 1995), үш рет Қазақстан Кубогының иегері болды (1992, 1995, 1996/1997). Бапкер ретінде ол «Атырау» футбол клубымен Қазақстан Кубогын жеңіп алды (2009).