KZ
KZ RU
31 шілде 2020 08:00

Қасиетті Құрбан Айт мейрамымен құттықтаймыз!

31 шілде 2020 08:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы барша қазақстандықтарды қасиетті Құрбан Айт мерекесімен құттықтайды!

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, ізгі еліміз күн санап өркендеуде. Айрандай ұйыған ұлт өкілдері арасында қалыптасқан достық пиғылдағы келісім арқасында қазақ жерінде 140 этнос пен 17 конфессия бейбіт қатар өмір сүріп жатыр. Ауданымыздың мұсылман қауымы осында мекендейтін өзге дін өкілдерімен өзара бірлікте тату-тәтті өмір сүріп келе жатқандығын мақтан етуге болады.

Қасиетті Құрбан Айт күні қылған ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, береке-бірлік тілейміз!