KZ
KZ RU
21 мамыр 2012 10:54

Қаскелеңнің "Сұңқары" жаңа сайтын ашты

21 мамыр 2012 10:54

«СИА SPORTS.KZ» компаниясымен бірлескен клуб дизайны өзгеше сайт жасап шығарды. 

 

"Матчтар" бөлімінде жазбаша трансляциялардан бөлек, ойындардың қорытындысын, фото, видео және аталмыщ кездесуге байланысты басқа да ақпараттарды табуға болады.


Футболшылардың профайлдары туралы бөлімнен ойыншылардың өмірбаяндары және статистикалыұ мәліметтерімен толық таныса аласыздар.


Сайт жасаушылардың айтуларынша, командалардың қатысуымен болған ойындардың фото және видеолары орналасытн "медиа" бөлімі де оқырмандар үшін қызықты болмақ.

Руслан Үмбетов, "Сұңқар" футбол клубының директоры:
Басқа-басқа емес, сайтты „SPORTS.KZ“ спорттық-ақпараттық агенттігінің жасап бергені үшін қуаныштымын. Біз сайт жасау жұмыстарында толығымен тізгінді соларға бердік. Өйткені, олар өз ісінің нағыз мамандары. Осындай керемет дүниені жасап берген аталмыш агенттікке айтар алғысымыз шексіз. футболсүйер қауымды енді ұялмай өз сайтымызға қонақ болуға шақырамыз. Біздің медиа-қызметкерлеріміз күн сайын сайтты жаңартып, жаңа ақпараттармен сусындатып отырады. Бізбен бірге болыңыздар!