KZ
KZ RU
19 қыркүйек 2023 13:29
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Асхат Тағыберген – OLIMPBET-Чемпионаттың тамыз айындағы үздік футболшысы

19 қыркүйек 2023 13:29

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлері мен капитандары арасында 2023 жылғы маусымның тамыз айындағы үздік футболшысын анықтау мақсатында сауалнама өткізді.

Сауалнама қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ордабасы» командасының капитаны Асхат Тағыберген еліміздің үздік ойыншысы атанды.

Тамыз айында Асхат төрт ойын өткізді. Аталмыш ойындарда ол «Қайсардың» қақпасына гол соғып, екі нәтижелі паспен көзге түсті. Өзінің нәтижелі ойынымен Тағыберген өзінің командасына турнир кестесінде көш бастауға көмектесуде.

Екінші орында – «Мақтаарал» шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай. Ол тамыз айындағы екі ойында гол және нәтижелі паспен ерекшеленді.

Үштікті тағы бір шабуылдаушы ойыншы «Атырау» командасының көшбасшысы Евгений Козлов тұйықтады. Козлов өткен айдағы төрт ойында «Ақсу» мен «Каспий» командаларының қақпаларына екі гол соқты.

Кім кімге дауыс берді: