KZ
KZ RU
13 маусым 2023 10:48
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Асхат Тағыберген - OLIMPBET-Чемпионатының мамыр айындағы үздік ойыншысы

13 маусым 2023 10:48

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Чемпионатының бапкерлері мен капитандары арасында 2023 жылғы мамыр айының үздік ойыншысын анықтау мақсатында сауалнама өткізді.

Сауалнамаға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: бірінші орын үшін - 3 ұпай, екінші орын үшін - 2 ұпай, үшінші орын үшін - 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.

Бұл ретте респонденттердің өз клубынан біреуден артық номинантты таңдауы кезінде дауыстар есептелмеді. Бұл Лига Кеңесінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі отырысында бекітілген «Номинациялар туралы ережеге» қайшы келеді.

Сауалнама қорытындысы бойынша мамыр айында «Ордабасы» мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген еліміздің үздік футболшысы атанды. Асхатты сауалнамаға қатысқан 28 респонденттің 16-сы бірінші ойынға қойды. Тағыберген мамыр айындағы ойындарда 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Екінші орынды – «Қайрат» командасының көшбасшысы Жоао Пауло иеленді. Бразилиялық мамыр айындағы бес ойында 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Үздік үштікті 4 ойында 3 рет нәтижелә соққымен көзге түскен «Шахтер» командасының футболшысы Тимур Чогадзе қорытындылады.

Кім кімге дауыс берді: