KZ
KZ RU
11 мамыр 2023 17:19

Асхат Тағыбергеннің голы сәуір айында үздік атанды

11 мамыр 2023 17:19

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы маусымның сәуір айындағы ең үздік голын анықтау мақсатымен жанкүйерлер арасында сауалнама ұйымдастырды.

Жанкүйерлердің таңдауына өткен айда OLIMPBET-Чемпионаты, OLIMPBET-Кубок және UBET-Бірінші лига ойындары аясында соғылаған 10 гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Ордабасы» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің 6-турда «Тобыл» қақпасына соғылған тамаша голы жанкүйерлердің қолдауына ие болды. Аталмаш нәтижелі соққыға респонденттердің 37,75 % өз дауыстарын берді.

Екінші орынды «Елімай» командасының жартылай қорғаушысы Алтынбек Сапаровтың «Жас Қыран» қақпасына соғылған голы (15,2% дауыс) иеленді.

Үздік үштікке «Ордабасының» шабуылшысы Шахбоз Умаровтың (13,24% дауыс) орындауындағы «Мақтаарал» қақпасына бағытталған нәтижелі соққы кірді.