KZ
KZ RU
09 қараша 2021 14:28

Асланбек Кәкімов - Бірінші лиганың қазан айындағы үздік ойыншысы!

09 қараша 2021 14:28

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) өткен айдың қорытындысы бойынша Бірінші лига командалары арасындағы біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау мақсатымен бапкер және капитандар арасында сауалнама өткізді.

2021 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік ойыншысы болып «Екібастұз» жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов атанды. Дауыстарды біріктіру қорытындылау нәтижесінде Ақтөбе футболының түлегі 26 ұпай жинады.

Екінші орында - «Ақсу» футбол клубының ойыншысы Мирас Тұрлыбек, ол 24 ұпай жинады. Үздік үштікті 13 ұпаймен «Оқжетпес» командасының шабуылшысы Жасұлан Молдақараев қорытындылады.

Фото - «Екібастұз» ФК баспасөз қызметі

Кім кімге дауыс берді: