KZ
KZ RU
26 қазан 2016 17:01

АСТАНА - 2016 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

26 қазан 2016 17:01

Соңғы турдың алдында «Астана» мен «Қайратты» 4 ұпай бөліп тұр. Сөйтіп, астаналық футболшылар Қазақстанның үш дүркін чемпиондары атанды.

Мачтан кейін «Астана» футболшылары Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының президенті Бағлан Ергешевтің қолынан чемпиондық тондоны алды.

- Біріншіден, «Астананың» барлық жанкүйерлерін осы чемпиондықпен құттықтаймын! Астаналық команда осы маусымда жоғары деңгейдегі өнерін көрсетіп, Қазақстанның ең мықты клубы атағын дәлелдей алды. Команданың дәл қазір үш турнирге қатысатынын естеріңізге салғаным жөн болар. Бірақ та олар еліміздің абыройын Еуропаның алдында жоғары көтере білді. Оған қоса, «Астана» Қазақстан Кубогында өз өнерін жалғастыруда.

Чемпион анықталғанмен, Премьер-Лиганың соңғы турында қола жүлделер үшін күрес тартысты өтеді деп ойлаймын. Екінші алтылықта осы маусымнан кейін Премьер-Лигамен қоштасатын және қараша айында өтетін өтпелі ойында қатысатын командалар анықталады, - деді ҚКФЛ президенті Бағлан Ергешев.