KZ
KZ RU
27 қазан 2018 17:08

«Астана» - 2018 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионы!

27 қазан 2018 17:08
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Астана» футбол клубы мен жанкүйерлерін чемпиондық атаққа ие болуымен құттықтайды!
 
31-турдың қорытындысы бойынша бірінші орынмен екінші орын арасындағы айырмашылық 10 ұпайды құрады. Маусым соңына дейін алматылық «Қайрат» үш ойын өткізеді. Алайда, «Астана» басты бәсекелестеріне жеткізбей, алтын жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, келесі маусымда Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығына ие болды.
 
«Қайрат» футбол клубы мерзімінен бұрын күміс жүлдені иеленіп, келесі маусымда Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.