KZ
KZ RU
11 сәуір 2017 14:51

Астана - Ақтөбе матчы 12 сәуір күні «Тарлан Аренада» өтеді

11 сәуір 2017 14:51

Ойынға билеттерді тек қана «Астана арена» стадионының кассаларынан 10-11 сәуір күндері сағат күндізгі 12:00-ден кешкі 20:00-ге дейін, ал 12 сәуір күні таңғы 10:00-ден күндізгі 15:00-ге дейін алуға болады.

Билеттің бағасы — 200 теңге.

Назар аударыңыз! «Тарлан Арена» трибуналарындағы орын саны шектеулі. Билеттерді ертерек алуыңызды сұраймыз! 

Еліміздің негізгі алаңы «Астана Аренада» жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, ойынды жанкүйерлердің сүйікті стадионында өткізудің мүмкіндігі жоқ. «Астана Аренада» жасыл қаптаманы ауыстыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары, шамамен, 1 мамыр күні аяқталады. 

«Тарлан Арена» (бұрынғы «Автомобилист») стадионы мына мекенжайда орналасқан: Астана қ., Гейдар Алиев к., 21 (ҚР ІІМ-не жақын маңда).