KZ
KZ RU
18 тамыз 2015 14:53

«Астана» - «Атырау» матчы қазан айына ауыстырылды

18 тамыз 2015 14:53
Премьер-лиганың 24-ші турындағы «Астана» мен «Атырау» командалары арасындағы матч 2015 жылдың 22 тамызынан 28 қазанына ауыстырылды.  
 
«Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне қатысуына байланысты Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы мен «Атырау» футбол клубына матчтың күнін ауыстыру жөнінде өтініш жасады. «Атырау» ФК елордалық ұжымның өтінішін қабылдап, Кәсіпқой футбол лигасы «Астана» - «Атырау» 2015 жылдың 28 қазанына ауыстырды.