KZ
KZ RU
06 қараша 2022 18:59
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

«Астана» - Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының жеңімпазы!

06 қараша 2022 18:59

«Астана» футбол клубы 2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының алтын медальдарының иегері атанды.

Григорий Бабаянның командасы 53 ұпай жинады. Елордалық команданың қоржынында 16 жеңіс, 5 тең ойын және 5 жеңіліс бар. «Астана» футболшылары 65 гол соғып, өз қақпаларына 24 гол жіберіп алды.

Екінші орынды «Ақтөбе» иеленді, олар бір ұпайға ғана есе жіберді. Андрей Карповичтің командасы 16 рет жеңіске жетті, 4 рет тең ойнады, 6 рет жеңілді. Ақтөбе командасы 43 гол соғып, 28 рет гол жіберіп алды.

Үздік үштікті «Тобыл» ФК тұйықтады, олардың қоржынында 47 ұпай бар. Қостанайлық клуб 14 рет жеңіске жетті, 5 рет тең ойнады, 7 рет қарсыластар басым түсті. «Тобыл» аяқталған маусымның қорытындысы бойынша 46 гол соғып, 33 гол жіберді.

18 гол соққан «Астана» футболшысы Педро Эуженио OLIMPBET-Чемпионаттың үздік сұрмергені атанды.