«Астана»: Дубльдік құрамның алты ойыншысы негізгі құрамға қосылды
Бұлар: қорғаушылар: Марк Гурман, Михаил Рожков, Қайрат Нұрдәулетов, Мұхтар Мұхтаров, Евгений Горячий, жартылай қорғаушылар: Ұлан Қонысбаев, Марат Шахметов, шабуылшылар Сергей Остапенко, Таңат Нөсербаев және Сергей Гридин. Бұл ойыншылардың барлығы 29 ақпан күні Анталияда өтетін Қазақстан - Латвия ойынына дайындалатын болады.
Ұлттық құрама сапына аттанған жігіттердің орындарын елордалықтардың бас бапкері Анталияда оқу-жаттығу жиынында жүрген "Астананың" дубльдік құрамның ойыншыларымен толықтыруды жөн көрді. Сонымен, негізгі құрамнан орын алуға қақпашы Александр Коночкин, қорғаушылар Ербол Мұсабаев және Павел Халезов, жартылай қорғаушылар Бауыржан Сейсенбеков және Ринат Хайруллин, шабуылшы Ержан Мухамедин мүмкіндік алды.
Дубльдік құрамды бір ғана қақпашымен қалдырмас үшін кері бағытта жастар құрамасының қақпашысы Денис Овсянников аттанды..
fca.kz