KZ
KZ RU
18 шілде 2019 02:08

«Астана» енді Еуропа лигасына қатысады

18 шілде 2019 02:08

Елордалық «Астана» екі ойынның қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының алғашқы айналымында румыниялық ЧФР командасына жол берді. 

 
«Астана» командасы жылдам есеп ашты. Роман Муртазаевтың алыстан қақпаға бағыттан соққысы қақпада тулады. Алайда, алаң иелері тез есін жиып, бес минут кейін таразы басын теңестірді. Көп ұзамай румыниялық футболшылар алға шықты. Екінші таймда соғылған үшінші голдың арқасында ЧФР келесі айналымға шықты. 
 
Елордалық клуб енді Еуропа лигасында жарысты жалғастырады. Қарсыласы - Андорра чемпионы «Санта-Колома». Алғашқы ойын 25 шілде күні сырт алаңда өтеді. Қарымта кездесуді 1 шілде күні елордада қабылдайды. 
 
УЕФА Чемпиондар Лигасы 2019/20, 1 іріктеу кезең, 2 матч
ЧФР (Клуж, Румыния) – Астана (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) – 3:1
Голдар: Омрани 10, Постников (АГ) 26, Омрани 73 – Муртазаев 4
Астана: Эрич (к), Бейсебеков (Аничич 81), Шимунович, Постников, Рукавина, Логвиненко, Маевский, Сигурьонссон (Янга 82), Муртазаев, Томасов (Мубеле 62), Ротариу
18 шілде. Клуж-Напока, Румыния. «Др. Константин Рэдулеску».