KZ
KZ RU
23 ақпан 2018 12:04

«Астана» еурокубоктық жорығын лайықты нәтижемен аяқтады

23 ақпан 2018 12:04
«Астана» УЕФА Еуропа Лигасынның 1/16 финалында лиссабондық «Спортинг» командасымен тең нәтижеге қол жеткізіп, өзінің еурокубоктық жорығын аяқтады. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы елордалық ұжымның еуропалық турнирдің 2017/18 жылғы маусымындағы барлық кездесулерін еске алады.
 
Станимир Стойлов командасы үшін еурокубоктық маусым УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінен басталды. Елордалық ұжым екі ойын қорытындысы бойынша Латвия чемпионы «Спартактан» басым түсті. Юрмалада «Астана» Твумаси соққан голдың арқасында минималды есеппен жеңіске жетіп, өзінt тиімді басымдылыққа ие болды – 0:1. Қарымта кездесу тең есеппен аяқталды. Келесі кезеңге Қазақстан чемпионы өтті.
 
Жеребе тастау рәсімінен кейін үшінші іріктеу кезеңде «Астанаға» қарсылас польшаның «Легия» командасы атанды. Польшалық ұжымының шеберлігі мен бай еурокубоктық тәжірибесіне қарамастан, біздің жігіттер бірінші ойында 3:1 есебімен ұтты. Қарымта кездесу қиын болды. «Легия» бір голды қиындықпен соғып, жеңіске қол жеткізді, бірақ бұл «Астананы» тоқтатпады. Осы қарқынмен еліміздің чемпионы плей-офф кезеңіне сүрінбей өтті.
 

Чемпиондар Лигасының келесі кезеңінде «Астанаға» бәрімізне таныс шотландиялық «Селтик» түсті. Глазгода болған бірінші кездесу сәтсіз аяқталды. «Астана» ойыншылары бұл күні сылбыр қимылдады, ал «Селтик» Александр Мокин қақпасына бес доп соқты.Мұндай есептен кейін, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығу үшін «Астанаға» таңғажайып күштерге сену керек болды. Қарымта матчта Стойлов шәкірттері ойынның аяғына дейін күресіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
 
Чемпиондар Лигасының ережесі бойынша, плей-офф кезеңінен сүрінген команда Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Жеребе нәтижесі «Астана» тобына испандық «Вильрреал», израильдің «Маккаби Тель-Авив» және чехиялық «Славия» командаларын жинады.
 
Топтық кезеңнің бірінші кездесуінде «Вильярреал» Испанияда елордалық ұжымнана басым түсті – 3:1. Содан соң Еуропа Лигасында өз алаңындағы бірінші ойында «Астана» чехиялық «Славияны» жеңе алмады, кездесуде 1:1 есебі тіркелді. ЕЛ топтық кезеңінің үшінші турында «Астана» өз алаңында «Маккаби Тель-Авив» командасын 4:0 есебімен тас-талқан етті. 
 
 
Израильде болған кездесуде Стойлов командасы үш ұпайға қол жеткізе алды. Бұл викториядан кейін «Астананың» топтан шығуға деген үміті артты. Бірақ Астанада өткен «Вильярреалға» қарсы матчта біздің команда бір доп айырмасымен испандықтарға есе жіберді – 2:3.
 
Барлығы Еуропа Лигасының ақтық турында шешілді. «Астананы» Чехияда күрделі экзамен күтіп отырды. Елордалық ұжым сапында жұлдыздары бар, алдына үлкен мақсаттар қойған «Славиямен» кездесті. Қазақстандық команданың ойын тәртібі жоғары деңгейде болды, ал Марин Аничичтің соққан жалғыз голы «Астанаға» турнирдің 1/16 финалына жолдама сыйлады.
 
«Астана» 10 ұпай жинап, «А» тобында екінші орынға ие болды. Дәл осылай елордалықтар қазақ футболының тарихында алғаш рет еурокубоктардың көктемгі кезеңіне жолдама алды.
 
Еуропа Лигасның 1/16 финалында жеребе біздің клубқа португалиялық «Спортингті» таңдады. Лиссабондық клуб ЕЛ плей-офф кезеңіне Чемпиондар Лигасының тобындаүшінші орынға ие болу арқасында жолдама алды. ЧЛ «Спортингтің» тобында «Ювентус», «Барселона» және «Олимпиакос» сынды атақты командалар болды.
 

Ел чемпионын қиын сын күтіп тұрды. Екі ойыннан тұратын текетірестің біріншісі Астанад өтті. "Астана"-"Спортинг" афишасы "Астана Арена" трибуналарын толтырды және жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйлады. Өкінішке орай, елордалық ұжым Португалияда өтетін қарымта ойын алдында өздеріне керекті есепке қол жеткізе алмады - "Спортинг" 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Екінші ойын өткен түні ойналды. Станимир Стойлов командасы өр мінез көрсетіп, португалдықтар 1:3 есебімен жеңіп жатқан жерінен, екі тамаша доп соғып, кездесуді 3:3 есебімен аяқтады.
 
Португалияда болған нәтижелі тең ойынмен "Астана" өзінің кезекті еурокубоктық жорығын аяқтады. Жоғары деңгейлі футбол, жағыз жауынгерлерге тәнті өр мінез және жеңіске деген жігер көрсетіп, "Астана" ойыншылары Еуропаны және күллі әлемді қазақ футболы туралы құрметпен сойлеуді мәжбүрледі.  
 
 
Айта кететіні, "Астананың" сәтті өнер көрсетуі УЕФА елдері Рейтингінде біздің елге маңызыды ұпайлап алып келді. Отандық клубтар 2017/2018 жылғы еурокубоктық маусымда 4, 250 ұпай жинап, Беларусь, Шотландия және Сербия мемлекеттер қуып жетті. Әзірше Қазақстан 55 УЕФА елдері арасында 28 орында орналасқан.