KZ
KZ RU
14 қыркүйек 2017 17:25

Астана Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетуін бастайды

14 қыркүйек 2017 17:25
Бүгін Астана уақытымен сағат 23:00-де Қазақстан чемпионы УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінде кезекті өнер көрсетуін бастайды.
 
"Астана" Еуропада үлкен саяхат жасады. Елордалық клуб Латвия, Польша чемпиондарын артта қалдырып, Шотландияның үздік командасынан өз алаңында басым түсті. Алда - Испания, Израиль және Чехия үздік командалары.
 
Азамат Айтқожин, Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының Президенті:
 
- Әр ойынның алдында біздер "Астанаға" спорттық сәттілік және сапалы төрешілікті тілейміз. Бүгін біздер дәстүрлі түрде айтылатын сөздерге шыдамдылық пен қуат тілейміз, себебі "Астананы" алда қиын кесте күтіп тұр.

Мұндай ырғақта кәсіпқойлық шынығады, халақаралық ойындарға қатысу - ұлттық құрамада өнер көрсететін ойыншылар үшін баға жетпес тәжірибе. Бүгін еліміздің барлық жанкүйерлері көгілдір экранның алдына жиналып, Қазақстаннан еурокубоктардағы жалғыз өкілін қолдайтынына сенімдімін.
 
УЕФА Еуропа Лигасының "Вильяреал"-"Астана" кездесуінің тікелей көрсетілімі сағат 22:50- де "Qazsport" телеарнасында жоспарланған.