KZ
KZ RU
11 шілде 2018 23:05

«Астана» футбол клубын Чемпиондар Лигасындағы жеңісімен құттықтаймыз

11 шілде 2018 23:05

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы УЕФА Чемпиондар Лигасының жаңа маусымын сәтті бастаған «Астана» футбол клубын құттықтайды.

Бүгін елордалық футболшылар жоғары шеберлік пен қорғаныстағы сенімді ойынын көрсетті. «Астана» іріктеу кезеңінің ойынына өте мұқият дайындықпен келген. Біздің командағы Черногория чемпионы қарсы тұрғанын айта кеткен жөн. Екі ойынның қорытындысы бойынша Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне шығу маңызды қадам болмақ.

Клуб жетекшілігін, жаттықтырушылар құрамын, ойыншыларды және барша қазақ жанкүйерлерін халықаралық аренадағы кезекті жеңісімен құттықтайды. «Астана» футбол клубы УЕФА-ның Чемпиондар Лигасы және Еуропа Лигасы турнирлерінің топтық кезеңіне қатарынан үш рет қатысты. Бүгінде елордалық ұжым қазақстандық командалар арасында УЕФА-ның клубтың рейтингінде ең жоғары орында тұр.

«Астана» ойыншыларына қарымта ойында жақсы ойын көрсетуін тілейміз!