KZ
KZ RU
03 тамыз 2017 04:26

Астана футбол клубын Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне шығуымен құттықтаймыз!

03 тамыз 2017 04:26
Қазақстандық клуб екі ойын нәтижесімен польшалық "Легияны" ұтып, Еуропаның ең беделді турнирінде өнер көрсетуін жалғастырады.
 
Ойын астаналықтар үшін оңайға түспеді, бірақ қайыспас мінез, жеңіске деген жігер мен шеберлік арқасында команда керекті нәтижеге қол жеткізді.
 
"Астана" Қазақстан Чемпионатының өкілі халықаралық аренада ойнауға лайықты екенін қайта дәлелдеді.
 
Алдағы жұмада, яғни 4 тамызда, елордалық клубты плей-офф жеребесі күтіп тұр. Бұл УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі алдындағы ақтық раунд.
 
"Астана" футбол клубына сәттілік пен Еуропадағы үлкен жеңістерді жалғастыруды тілейміз!